- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 12 мың бірінші сынып оқушысы көлік карталарына ие болады
Астанада 12 мың бірінші сынып оқушысы көлік карталарына ие болады
Астана қаласы мектептерінде биылғы жылдың күзінде мектеп көлік картасын беру жұмыстары жүреді. Мектеп көлік картасын тек ASTRA PLAT арнайы мектеп порталында тіркелген оқушылар ғана ала алады. ASTRA PLAT мектеп порталымен жұмыс істейтін арнайы жауапты маман бекітілген.
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Астанада 12 000 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған, міне, осы балаларға көлік карталарын беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, елордалық орта білім беретін мекемелерде өткен оқу жылының соңында кейбір оқушылар көлік карталарын алып кетуге үлгермеген.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың көктемінде жүргізілген дайындық жұмыстары аясында Астанада 78 000 оқушы көлік картасын алды, оны ASTRA PLAT жүйесінің екінші және кезекті кезеңдері іске қосылғанда пайдалана алады. Оқушылар балаларға арналған тарифты енгізіп, бонус ретінде бір автобустан екіншісіне тегін ауысып отыра алады.
ASTRA PLAT жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізудің барлық кезеңі іске қосылғанша оқушылар қаланың қоғамдық көліктерінде жол ақысын қолма-қол төлеулеріне (толық билеттің 50%) немесе қағаз жол жүру билетін көрсетулеріне болады.
Егер мектеп көлік картасы жоғалған болса, оны ASTRA PLAT жүйесінің екінші кезеңі іске қосылғанда қайта жасатуға болады. Ата-ана баласымен бірге арнайы кассаларға келіп, бірінші берілген картаның ақысы 400 теңгені төлеп, жаңасын ала алады (өзімен бірге туу туралы куәлігі және ата-ананың жеке құжаттары болуы тиіс).
ASTRA PLAT жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізудің әрбір кезеңінде оның жұмыс істеу қағидасы мен қолдануы, бонустары мен карточканы дұрыс пайдалануы жайлы толық ақпарат беріліп, жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар нәтижелері жарияланады.
Алдын ала жүргізілген бақылаудан ASTRA PLAT жүйесінің бірінші кезеңінің енгізілуі жолаушылар тарапынан жақсы қабылданғанын көруге болады. Бұл Астана қаласының көлік саласының даму тарихында бірінші рет қала маңына қатынайтын автобустарда жол ақысы орташа есеппен 50 теңгеге, кейбір аймақтарға, мысалы, Бабатайға 120 теңгеге, Аршалыға 100 теңгеге арзандағанымен байланысты. Тарифтер саны 84-тен 5-ке дейін қысқарды. Әлеуметтік жеңілдіктерге ие азаматтарға тегін жүруге мүмкіндік берілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді