- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде медициналық көмек көрсететін бірыңғай диспетчерлік орталық ашылады
Ақтөбеде медициналық көмек көрсететін бірыңғай диспетчерлік орталық ашылады
Нысандарды аралау барысында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік -жеке меншік серіктестік аясында тартылған инвестициялар жоғары медициналық кластердің қалыптасуына әсер ететіндігін мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің алғашқы күніне бастап медицинаға зор көңіл бөлді. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Ел бойынша бағдарламалар аясында мыңдаған медициналық мекемелер салынды. Бүгінде денсаулық сақтау саласы айтарлықтай алға жылжығанын көріп отырмыз», - деді Б. Сапарбаев.
Ақтөбедегі «Дару» оңалту орталығының маңынан «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығы салынып жатыр. Мұнда еуропалық аппараттар әкелініп, күрделі ота жасалатын болады. Сонымен қатар, Батыс-2 ауданында облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы бой көтереді. Екі емдеу орталығының құрылысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева танысты.
Бұған дейін еліміздің батыс өңіріндегі науқастар көз ауруларын емдеу үшін Орынборға барып немесе ресейлік дәрігерлер Ақтөбеге келгенде қабылдауына арнайы жазылатын еді. Қиындық артта қалып, науқастар келер жылдан бастап жергілікті ақ халаттылардың көмегіне жүгінеді. Жақында «Дару» оңалту орталығы жанынан «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығының құрылысы басталды. Жоба құны – 3 миллиард теңге. Қазір орталықтың іргетасы қаланып, қабырғасы тұрғызылып жатыр. Нысанның жұмысымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, академик Жақсылық Досқалиев пен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева танысты. Бұл орталық 60 кереуетті. Емхана күніне 500 адамды қабылдай алады. Барлығы 150-ден астам адам жұмыс істейтін болады.
«Орталыққа қажетті медициналық аппараттар АҚШ, Германия, Жапония елдерінен әкелінеді. Мамандар арнайы оқытылып, тәжірибе жинайды. Мұнда жеңіл әрі жасанды көз салу отасы да жасалмақ. Балалар мен ересектер мемлекеттік тапсырыс аясында тегін емделеді»,- дейді «Дару» оңалту орталығының директоры Ғалымжан Елеуов.
Сонымен қатар, бұл жерде Аллергиялық орталық та салынады. Бұл келер жылдың жұмысы. Медициналық кластер аясында салынып жатқан кешенді емдеу орталықтары үшін жатақхана қажет. Ұсынысты өңір басшысы Бердібек Сапарбаев министрлік өкілі Аида Құрманғалиеваға жеткізді. Мұнан кейін халықаралық форумға қатысушылар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында құрылысы жүріп жатқан жедел жәрдем бекетіне барды. Қазір су жаңа 14 көлік келіп тұр. Құжаттары рәсімделген соң қаладағы жедел жәрдем бекеттеріне пайдалануға беріледі.
«Бастысы мұнда жедел көмек көрсетуге барлық жағдай жасалады. Дәрігерлердің тынығатын орны, науқастарды қабылдайтын бөлім қарастырылған. Жаңа көлік пен соңғы үлгідегі технология адам өмірін сақтап қалуға септігін тигізбек»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, жедел жәрдем бекетін түрік инвесторлары салып жатыр. Мұнда тікұшақ қонатын алаң, автотұрақтар да болады. Дәрігерлердің тынығу орны мен арнайы ақпарат қабылдау бөлмелері қарастырылған. Есеп бойынша жедел жәрдем бригадасы жылына 150 мың шақыртуға барады. Соңғы технологиямен жабдықталған 35 көлік әкелініп, шақыртуға бару уақыты 10-15 минутқа дейін қысқарады. Келісім бойынша биыл гараж бен Caall орталықтың құрылысы аяқталады. Ал келер жылы толықтай іске қосылады.
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады -
COVID-19: Әлем елдері Үндістанға көмек қолын созуда, ал Түркия мен Пәкістан жаппай локдаун енгізбекші -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі