• Басты
  • Жаңалықтар
  • 11 мыңнан астам қазақстандық депрессиялық ауылдардан перспективалы аудандарға көшірілді – ЕХӘҚМ

11 мыңнан астам қазақстандық депрессиялық ауылдардан перспективалы аудандарға көшірілді – ЕХӘҚМ

3 Желтоқсан, 2013 15:55
Қазақстанда «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 11 мыңнан астам адам депрессиялық елді мекендерден экономикалық әлеуеті әлдеқайда жоғары аудандарға көшірілді, деп Primeminister.kz еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қайрат Әбсаттаровқа сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Депрессиялық ауылдардан 11,3 мың адам көшірілді, олардың 5,1 мыңнан астамы – еңбекке қабілетті жастағылар», - деді Қ. Әбсаттаров. 

Оның айтуынша, жаңа тұратын жерлерінде 4 мыңнан астам адам еңбекпен қамтылған. Ол атап өткендей, «аумақтарды дамытудың бағдарламаларын» жүзеге асыру бойынша өткізілетін іс-шаралар республикадағы еңбек нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді. 

Бұдан өзге, ведомство басшысының орынбасары биылғы жылы ҚР-да жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады, ал жұмыспен қамтылған халық саны 8,6 млн адамға дейін өсті. 

Бағдарламаны жүзеге асырудың үшінші бағытына қатысудың басымдықты құқығына ауыл жастары ие болады. Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерді анықтау үшін критерийлер ауыл шаруашылығы, экономикалық даму және сауда мәселелері бойынша орталық өкілетті органдары жасады. 

Бағдарлама бойынша көшу жүзеге асырылады: бір ауданның ішінен бір ауданға; бір облыс ішінде бір ауданнан бір ауданға. Еңбек нарығындағы нақты шарттарды есепке ала отырып, кезекшілік әдіс бойынша жұмысты ұйымдастыру мүмкін. Бағдарламаның аталған бағытын қатысушылары экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұратын өзін-өзі қамтылғандар, жұмыссыздар немесе жұмысқа қабілетті аз қамтылған халық бола алады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы 2013 жылдың 19 маусымынан Үкімет қаулысымен бекітілген. Бағдарлама үш бағыттан тұрады: инфрақұрылымды және ТКШ дамтыту арқылы жұмыспен қамту; ауыл кәсіпкерлігін дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; оқыту және көшіру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

 
Барлық жаңалықтар