- Басты
- Жаңалықтар
- Көкшетау техникалық институтының 130-дан астам курсанты ант қабылдады (ФОТО)
Көкшетау техникалық институтының 130-дан астам курсанты ант қабылдады (ФОТО)
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, ІІМ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызмет ардагерлері қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин бүгін ант қабылдаған курсанттар, ұлы сөздерді айта келе халық пен елдің тағдырына деген жауапкершілікті өз мойындарына алып, патриот болуға және Ата заңымызды, Қазақстан Республикасының заңдарын қатал сақтауға, міндеттерді адал әрі кәсіби тұрғыдан орындап, құтқарушы жоғары атағын қастерлеуі тиіс екенін айтты.
Өңір басшысының орынбасары Нұрлан Нұркенов өз баяндамасында КТИ-дың облыстың қоғамдық өміріндегі, жастардың патриоттық тәрбиесіндегі рөлін атап өтті.
2016 жылы КТИ-дың күндізгі оқу факультетіне 175 талапкер қабылданған болатын. Бүгін антты Көкшетау техникалық институтында оқитын 138 курсант қабылдады. Қалған 37 адам Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетімен Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының мамандандырылған жоғары оқу орындарына жіберілген.
Салтанатты ант қабылдау рәсімінен кейін курсанттардың күшімен жарқын вокалды және аспапты нөмірлері бар шағын концерт пен қарумен саптық көрсетілім ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты жоғары білікті азаматтық қорғау офицерлерінің дайындығын жүргізетін жалғыз оқу орны болып табылады.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында елдің инвестициялық тартымдылығының факторы ретіндегі адами капиталдың дамуына баса назар аударды. Жастарға техникалық бағыттағы кәсіптерді белсенді түрде игеруге сілтеме жасап, кәсіби білім беру жүйесінің барынша дамуын қалады.
Көкшетау техникалық институты Елбасының білім беру саласындағы берген тапсырмаларын толықтай іске асырып жүрген оқу орны болып табылады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда