- Басты
- Жаңалықтар
- Астана-Теміртау бағыты бойынша 10 км автожол қолданысқа берілді
Астана-Теміртау бағыты бойынша 10 км автожол қолданысқа берілді
Құрылыс және монтаждау жұмыстарын «Ақмола құрылыс материалдары» мердігерлік ұйымы жүзеге асырды. Қайта құру процесінде 125 адам, 66 көлік құралдары жұмысқа тартылды.
Ералы ауылы тұрғындарының өтініші бойынша, автомагистраль бойында жеңіл көлік қозғалысын азайту үшін жерасты өту жолы салынды.
Қайта құру процесі барысында осы бөлікте 60000 текше метр цемент-бетон төселді.
Цемент-бетонды жолдардың артықшылығы жоғары берікті, төзімді, беткі қабаты түзу болып келеді, ол өз кезегінде алдағы уақытта жолды қамту шығындарын айтарлықтай үнемдейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізінің қайта жаңарту жұмыстары «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізілуде және бұл Қарағанды және Балқаш өңірлері арқылы Астана мен Алматы аралығындағы жолдардың құрылысы мен қайта жасақталуын көздейді.
«Орталық-Оңтүстік» дәлізіндегі Астана-Теміртау бағыты бойынша автожолдағы жол жүрісінің ашылуы жыл соңына жоспарланып отыр. Қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жол 4 жолаққа дейін кеңейтілетін болады және I-ші техникалық санатқа енетін болады.
«Орталық-Оңтүстік» дәлізінің қайта жаңарту жұмыстары көлік құралдарының жолда өткізетін уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады және тас жолға іргелес елді мекендерде экологиялық жағдайды жақсартады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды