2017 жылы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Мәскеуде өтеді

16 Қыркүйек, 2016 21:13
ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2017 жылдың күзінде Мәскеуде өтеді.Аталмыш шешім Бішкекте өтіп жатқан ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында қабылданды.

 «Мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 2017 жылы төрағалық ету туралы шешім қабылдады. Молдова Республикасы бұл міндеттен бас тартқандықтан, келесі жылы Достастыққа Ресей Федерациясы төрағалық ететін болды», - деді  А.Атамбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік тарап Достастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.

Өз кезегінде Ресей Президенті Владимир Путин көрсетілген сенімге алғысын айтты. 

Ботагөз Айтжанова 

Барлық жаңалықтар