- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ТМД елдерінде экономикалық өсімді ынталандыруды ұсынды
Н.Назарбаев ТМД елдерінде экономикалық өсімді ынталандыруды ұсынды
«Бүгінгі таңда Достастық 2008 жылы қабылданған ТМД экономикалық даму стратегиясының үшінші кезеңіне көшті. Әлемдік экономикадағы жағдай қазіргі таңда айтарлықтай өзгерді, сондықтан Қазақстан Достастық елдеріне экономикалық өсімді ынталандыру бойынша шаралар топтамасын белсенділетуді ұсынып отыр», - деді Н.Назарбаев.
«Кей жағдайда ауқымды көлік-транзиттік жобаларды іске асыруда елдер арасында бір-бірін қайталау кездесіп қалады, өзара келісудің жетіспейтіндігі байқалады. Осыған байланысты, бұл саладағы саясатымызды үйлестіру қажет. Бұл жобаларымыздың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Елбасы өткен жолғы кездесуде ТМД-ны заманауи жағдайға бейімдеу қажеттігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін кеңеске қатысушылардың есіне салды.
«Тараптардың белсенді өзара іс-қимылы арқасында Достастықтың тиімділігін арттыратын нақты шаралар әзірленді. ТМД қызметін жетілдіріп, оның функционалдық икемділігіне қол жеткізу үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізіп отыру қажет», – деді Қазақстан Президенті.
Соңында Мемлекет басшысы ТМД-ға 2017 жылы Ресей Федерациясының төрағалық етуі жөніндегі шешімді Қазақстанның құптайтынын жеткізді.
Ботагөз Айтжанова
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық