Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары Ислам Кәрімовті еске алды

16 Қыркүйек, 2016 20:21
ТМД Мемлекет башсылары кеңесінің отырысы кеңейтілген ауқымда Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовты бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

«Қыркүйектің басында біздің әріптесіміз,   мемлекеттік қайраткер – Өзбекстан Президенті Ислам Абдуганиевич  Кәрімов дүниеден өтті.  Баршаңызды бір минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын», - деді Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев.

Ол сондай-ақ, отырысқа қатысушылардың өзбек халқына  арналған үндеуін  оқып берді, құжатта олар өзбек халқын шыдамдылыққа, бірлікке шақырып, президенттік сайлауды жайлы жағдайда ұйымдастырып,  Ислам Кәрімов бастаған жолды  бейбіт түрде жалғастыруға кеңес берді».

Айта кетейік, Бішкекте ТМД Мемлекет басшыларының 25 отырысы өтуде.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар