- Басты
- Жаңалықтар
- Сенатта кадрлық өзгерістер болды
Сенатта кадрлық өзгерістер болды
Палата Төрағасының ұсынысы бойынша Бектас Бекназаров Төраға орынбасары болып сайланды. Сенат қаулысымен Талғатбек Абайділдин Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы, Икрам Адырбеков Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Ақан Бижанов Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметтерінен өз өтініштері бойынша босатылды.
Қ.Тоқаев тұрақты комитеттердің бұрынғы төрағаларының жоғары кәсіби біліктілігін атап өтті және олардың еліміздің заң шығару жүйесін жетілдірудегі тиімді жұмыстарына алғыс айтты. Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Дариға Назарбаева сайланды. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағалығына Асқар Бейсенбаев, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы болып Бірғаным Әйтімова сайланды. Сенат Төрағасының ұсынымы бойынша Александр Горяинов пен Талғат Жақан Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері болып сайланды.
Депутаттар Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады. 2015 жылғы 20 қарашада Астанада қол қойылған Келісім екі мемлекеттің азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік қауіптердің алдын алу, төтенше жағдайларды жою, апатты жағдайларда ерікті түрде және өзара көмек көрсету жөніндегі азаматтық қорғаныс мамандарын оқыту саласындағы өзара іс-қимылын реттейді. Құжатта Қазақстан мен Ауғанстанның құзыретті органдарының өзара іс-қимылының түрлерін, сондай-ақ төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымын, түрлері мен қажетті көмектің көлемін ескере отырып өзара көмек көрсету ретін белгілейді.
Отырыс барысында сенатор Қуаныш Айтахановтың «Достық» арнасы арқылы келетін судың көлемін уақытында нақтылау туралы; Жабал Ерғалиевтің «Астана-Бурабай» автомобиль жолына қосылу және оны кесіп өтердегі қиындықтар мен қолайсыздықтар туралы және «Алматы-1 – Арқалық» бағыты бойынша жолда тоқтамайтын вагондардың қатынасын қалпына келтіру туралы; Ақан Бижановтың тұрғын үйге ипотекалық қарыздары шетел валютасымен берілген қарыз алушылардың қарыздарын қайта қаржыландыру туралы және автомобиль жүргізу құқығына куәлік алу үшін сынақ тапсыруға жіберілген адамдарды тиісті оқу орталықтарында міндетті түрде оқытуды енгізу туралы депутаттық сауалдары тыңдалды.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы