- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық халық СЯСП жабылуын мәңгі мақтан тұтатын болады - АҚШ
Қазақстандық халық СЯСП жабылуын мәңгі мақтан тұтатын болады - АҚШ
Капитолий төрінде өткен іс-шара Семей ядролық полигоны жабылуының 25-жылдығына және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен БҰҰ 2009 жылы қабылдаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналды. Іс-шараға Обама әкімшілігінің өкілдері, АҚШ саяси жне қоғамдық қайраткерлер, дипломатиялық корпус, сараптамалық топтар және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров конференцияны ашып, Қазақстан Президенті дүние жүзіндегі ең ірі полигондарының бірін жауып, ядролық қаруға тыйым салған алғаш мемлекеттік қайраткер болып табылатындығын айтты. Мемлекет басшымыздың 1991 жылғы 29 тамыздағы тарихи жарлығы, шын мәнінде, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) келісіліп, қабылдануына жол ашқандығы атап өтілді. Қазақстандық дипломат Елбасының БҰҰ жүзжылдығы аталып өтетін 2045 жылға орай ядролық қару мен соғыстан азат әлемнің құрылуына бағытталған «Манифест: Әлем. XXI ғасыр» жаһандық бастамасын қолдауға америкалық саясаткерлерді, конгрессмендерді, ғылым адамдары мен қоғам қайраткерлерін шақырды.
Сенатор, әрі «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және оған тыйым салуды қолдайды» (PNND) атты тәуелсіз халықаралық форумының президенті Эдвард Марки полигонды жабу туралы тарихи шешімінен кейінгі 25 жыл ішінде еліміздің ядролық таратпау мен қарусыздандыру ісінде жетекшілік білдіріп, өз үлесін қосуды жалғастырып отырғаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Сенатор айтуынша, дәл сол «Семейдегі полигон үнінің өшкені» оны Невададағы полигонның қызметін тоқтату туралы заң жобасын АҚШ Конгресіне ұсынуға түрткіледі.
Иллинойс штатының конгрессмені Билл Фостердің сөзі Сенатор сөзімен үндес келді. Ол Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың полигонды жабу және ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешімдерін «Қазақстан халқының мәңгі мақтан тұтатын тарихи жетістігі» деп атады. АҚШ Конгресінде ядролық физиканың жалғыз маманы бола тұра, Б.Фостер барлық елдің қадамдап ядросыз әлемге жету қалауын бекітетін Ядролық қару туралы келісімшарттың жаңа және қатаң нұсқасын жасауға халықаралық қауымдастықты шақырды. «Мен болашаққа оптимистік көңіл күймен қараймын, себебі Қазақстан секілді серіктеспен алдағы мақсатқа жете алатынымызға сенемін», - деді АҚШ парламентшілері.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының қаруландыру мен халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша орынбасары Роуз Геттемюллер 2011 жылы қазан айындағы бұрынғы Семей сынақ полигонына сапарынан қалған естеліктерімен бөлісті. «Қазақ даласының кең ауқымдығы мен ядролық сынақ жылдары бойы радиобелсенді қалдықтардың ықпалына душар болған жергілікті халықпен кездесулер маған зор әсер етті», - деп Р.Геттемюллер Қазақстанның ядролық қаруға толық тыйым салуды ілгерілету ісінде көп жылдық жетекшілігі үшін құрметін білдірді.
Обама әкімшілігінің өкілі АҚШ басшылығының ЯСЖТШ мақсаттарына берік ұстанымын білдіріп, аталған мәселеге америкалық қауымдастықтың назарын аудартқан конференция ұйымдастырғаны үшін қазақстандық тарапқа алғысын айтты.
«Қаруландыруды бақылау ассоциациясы» үкіметтік емес ұйымның атқарушы директоры Дэрил Кимбалдың сөзі Қазақстан Президентінің Одақтың қалауына қарсы шешімі Кеңес Одағын ядролық сынақтарға біржақты мораторий жариялауға итермелегені туралы болды. «Бұл қадам АҚШ Конгресінде тиісті заңның қабылдануына негіз салып, нәтижесінде біз Қазақстан халқы мен басшылығына ядролық сынақтарды тоқтату мәселесінде нүкте қойғызғаны және әлемді қауіптен сақтағаны үшін алғысымызды айтуымыз керек», - деді америкалық сарапшы.
1994 жылы АҚШ-қа 600 кг ядролық плутонийді шығару бойынша «Сапфир» құпия операциясының жүзеге асырылуына тікелей қатысқан АҚШ Қорғаныс министрінің бұрынғы көмекшісі Энди Вебердің сөзі конференция қатысушыларының зор қызығушылығын тудырды. Э.Вебер Қазақстан тәуелсіздік алғалы АҚШ-пен ядролық қауіпсіздік ортақ мақсатына жету жолында тығыз ынтымақтастықты атап өтті. Ол біріккен жобалардың, соның ішінде «Плутоний төбесі» атты Семей полигоны аумағын кеңес ядролық мұрасынан тазарту, Ақтауда БН-350 ядролық реакторын жабу, төмен байытылған уран банкін құру және т.б. жобалардың табысты жүзеге асырылуын атап өтті. Ол халықаралық қауымдастығын әлемдегі ядролық қауіпсіздікті нығайтуға және ядролық қарусыз әлем мақсатына жету үшін біріккен іс-қимылдар жасауға шақырды. Бұл жерде Э.Вебер Қазақстан мен Жапонияның ЯСЖТШ күшіне енуіне қол жеткізу жөніндегі конференциясының тең төрағалары ретіндегі қызметтерін ерекше атап өтті.
АҚШ-тың Қазақстандағы тұңғыш елшісі Уильям Кортни аталып өтіп жатқан күннің символдығына тоқталды. Оның айтуынша, ол «ядролық таратпау және қарусыздандыру тәртіптерін нығайту мақсатында 25 жыл ішінде Қазақстан секілді үлес қосқан елді білмейтіндігін» айтты. Америкалық дипломаттың пікірінше, «Қазақстанның ядролық қаруға жол бермеу стратегиясы» еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеріп, 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өтуіне себеп болды.
Сөз сөйлегендер Қазақстан басшылығының жаһандық ядролық қауіпсіздікке қол жеткізу сыртқы саяси қадамдарын жоғары бағалап, өзге мемлекеттердің аталған бағытта белсенділік таныту қажеттілігін бір ауыздан білдірді. Іс-шара АҚШ әлеуметтік желілерде, негізінен америкалық заң шығарушылардың ресми аккаунттарының атап өтілуінің арқасында, кеңінен таратылды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр