Гонконг делегациясы Алматының инвестнарығын зерттейді – әкімдік

17 Қыркүйек, 2016 12:36
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Гонконг» арнайы әкімшілік ауданының қаржы хатшысы Джон Цангтың төрағалығымен келген Гонконг бизнес делегациясын қабылдады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Тараптар Алматы мен Гонконг арасындағы екіжақты тығыз байланысты атап өтіп,  экономиканың бірқатар салаларында ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігі туралы айтты.  Сондай-ақ, Қазақстан мен Гонконг арасындағы  іскерлік ынтымақтастықты  «Бір белдеу, бір жол»  бастамасы аясында дамыту мәселесі қаралды.

Айта кетейік, 2016 жылдың қаңтар-шілде  айларында екі қала арасындағы тауар айналымы 4,2 млн долларды құрады. Ол 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда  екі есеге көп. Алматыда 6 бірлескен кәсіпорын мен 17 гонконг капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорын бар.

«Біз өзіміз үшін басым қалаларды анықтадық, олардың тәжірибесін қолданып, дамуды ниет еттік. Екі қала арасында бизнесті дамыту жағынан мақсат шығып отыр, Алматыдан Гонконгқа, Гонконгтан Алматыға инвестиция құю қарастырылған», - деді әкімнің орынбасары. 

Барлық жаңалықтар