• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда «AlmatyBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды (ФОТО)

Алматыда «AlmatyBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды (ФОТО)

16 Қыркүйек, 2016 20:13
Алматыда «AlmatyBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесі іске қосылды. Бұл жобаны «Самрұқ -Қазына» АҚ-ның қаржылық қолдауымен қалалық әкімдік жүзеге асырып отыр, деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қала әкімшілігі ғимаратының жанына орналасқан велосиед станциясын мегаполис әкімі Бауыржан Байбек алғашқылардың бірі болып  тестен өткізді.

«Бұл - Алматының 1000 жылдығын мерекелеу қарсаңында қалалықтарға жасалған  жақсы тарту. Бүгінгі күні көліктің бұл түрі көпшілікке кеңінен танымал, велосипед үшін қалада лайықты инфрақұрылымдар, жеке веложолдар жасалған. Велосипед, автобус қозғалыстары мен метроны одан әрі дамыту жеке көлікті  шектеуге ойдағыдай ықпал етеді», - деді Б.Байбек.

Автоматты жүйе болашақта қаланың туристік тартымдылығын күшейтіп, тұрғындардың денсаулығына да оң әсер ететін болады.     

Бастапқы кезеңде қаланың орталық бөлігінде 270 велосипеді бар 50 станция жұмыс істейді, келер жылы көліктің бұл түрі 2500 бірлікке артады.  

Атап өтерлік жайт, велосипед конструкциясы хромдалған болаттан жасалған. Әр велоспедтің бөлшектері де  әртүрлі, біріне бірі келе бермейді.

Велопрокат жүйесін тұтыну үшін абонеттік төлем жасап, клуб картасын  алу қажет. Алғашқы 30 мин – тегін. Клуб картасын сататын офис «Алмалыда» орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы - велошеринг жобасы жүзеге асқан үшінші қала, бұл жүйе бұған дейін Астана мен Шымкентте жұмыс істеп келеді.

 

Барлық жаңалықтар