Қырғызстанда ТМД елдері көшбасшылары кеңесінің отырысы басталды

16 Қыркүйек, 2016 18:27
Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында ТМД елдері көшбасшылары кеңесінің мерейтойлық отырысы басталды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері көшбасшыларының  форумына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев,  Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Молдова Премьер-министрі Павел Филипп, ТМД атқарушы комитет төрағасы – атқарушы хатшысы  Сергей Лебедев қатысады.  Қалған қатысушы елдер үкімет пен сыртқы істер министрлігінің делегаттарымен келді.

Кеңесте  маңызды жобалар қарастырылады:Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына орай мәлімдемесі.ТМД елдері басшыларының  Нюрнберг процессі жұмысының аяқталуының 70 жылдығына байланысты мәлімдемесі.Нюрнберг трибуналы ірі саяси-құқықтық жетістікке айналып, заманауи халықаралық құқықты дамытуда маңызды рөлге ие болды.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының  замануи жағдайға бейімделуі туралы құжат.

Кеңейтілген отырыста,  экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мақсатында бірқатар құжаттарды қарау жоспарланған: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 2020 жылдың халық санағын өткізу шешімі туралы жоба. Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы өңіраралық ынтымақтастық  конвенция жобасын қарау жоспарланып отыр.

ТМД отырысында  жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге қарсы тұру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар құжат жобалары қарастырылады.

Айта кетейік, биыл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 25 жыл толады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар