- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның электр станцияларының отын қоймаларында 3 млн тоннадан астам көмір жинақталған
Қазақстанның электр станцияларының отын қоймаларында 3 млн тоннадан астам көмір жинақталған
Тұтас алғанда Қазақстанның энергетика кәсіпорындарында алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Сонымен қатар, шарттар мен кестелерге сәйкес, электр және жылу қуатын тұтынушыға жеткізу тұрақты қамтамасыз етіледі.
Қазіргі кезде электр станциялардың отын қоймаларында 3,2 млн. тонна көмір және 122 мың тонна мазут жинақталған.
2016 жылға Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесі электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес, 2016-2017 жж. күзгі-қысқы кезеңде елдің тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтау үшін, 9 энергоблок, 56 энергетикалық қазан және 39 турбинаны күрделі және кеңейтілген жөндеу жұмыстары қарастырылған. Қазіргі уақытта 3 энергоблокта, 25 қазанда және 17 турбинада жұмыстар аяқталған, 26,1 мың км электр беру желісі жөнделген.
Қалған уақытта, алдағы күзгі-қысқы кезең басталмас бұрын Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бірқатар шаралар өткізу қажет.
Бұдан басқа, қазіргі күнге энергия өндіруші ұйымдардың «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ алдындағы берілген газ үшін кешіктірілген төлемдері 2,2 млрд. теңгені құрайды, ал «Богатырь Көмір» АҚ алдында көмір үшін – 569 млн. теңге.
Алдағы күзгі-қысқы кезеңге өтуге дайындық мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінде және Энергетика министрлігінде өткізілетін селекторлық мәжілістерде қарастырылып жатыр.
Өңірлердің энергетикалық сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының дайындық жағдайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен құрылған жұмыс топтары сол жерге барып қарастырады.
Өз кезегінде, елдің энергия өндіруші және энергия беруші компанияларында, осы кәсіпорындардың күзгі-қысқы жағдайда жұмысқа дайындығын қарастыру бойынша комиссиялар құрылған.
Осы комиссиялардың мәліметтерінің негізінде, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қазанда тиісті әзірлік паспортын беру мәселесін қарастырады.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды