Астанада қарағандылық суретшілер Есіркеевтердің көрмесі ашылады

3 Желтоқсан, 2013 15:00
Астанадағы «Ару-АРТ» заманауи өнер көрмесінде қарағандылық суретшілер Есіркеевтердің көрмесі ашылады, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

«Ару-АРТ» заманауи өнер көрмесіндегі танымал қарағандылық қылқалам шеберлері Райымқұл, Қуаныш, Мейрам Есіркеевтердің «Көркем үшбұрыш» көрмесі аясында 50-ге тарта өнер туындысы көпшілік назарына ұсынылмақ», - делінген хабарламада.

1958-2012 жылдар аралығында салынған картиналардың көрмесі «Керуен» ойын-сауық орталығының бірінші қабатында 2013 жылдың 5 желтоқсаны мен 2014 жылдың 15 қаңтары аралығында өткізіледі.

Айта кету керек, Есіркеевтердің шығармашылығы Қазақстан өнері дамуының түрлі кезеңдерін қамтиды: әлеуметтік реализм, 70-80 жылдардағы жаңа қазақ өнері де қылқалам шеберлерінің шығармашылығына түрткі болған.

Райымқұл Есіркеев (1921-1980 жж.) – КСРО Суретшілер одағының мүшесі, ҚазССР Еңбек сіңірген қайраткері. Қарағанды облыстық Суретшілер одағын құрушылардың бірі. Райымқұл шығармашылығының негізгі өзегі – адам өмірі. Ол өз жерлестінің шын бейнесін өнер тілімен түсіндіреді. Шебердің туындылары кеңестік кісі образын ашуға бағытталған. Екі ұлы Қуаныш пен Мейрамды да әке жолына баулыған ұлағатты әке.

Қуаныш Есіркеев (1947 ж) Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесі мен В.И.Суриков атындағы Мәскеудегі мемлекеттік академиялық көркемөнер институтын тәмамдады. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Кеңестік ұжымдастыру кезіндегі қазақтың тгаредиясын 70 жылдары бейнелеген алғашқы суретші, кеңестік мектеп тәуелділігінен арылып, мектептің негізін қалаушы. Оның шығармашылығы ресми кеңес тарапынан мойындалмай, шетке қағылды.

Қуаныш Есіркеев – сөзсіз, Қазақстанның талантты суретшілерінің бірі. Оның шығармашылығын зерттеген адам отандық көркемөнерге әкелер жаңалығының мол екеніне көз жеткізері анық.

Мейрам Есіркеев (1950 г.р.) Қарағанды политехникалық институтын аяқтады. ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы табиғат көрінісі. Әсіресе өзі еңбек еткен Балқаш көліне қатысты еңбектерінің маңызы зор. Мейрам шығармашылығының қаһармандары өмірлері шытырманды болып келетін қарапайым балықшылар. Атап айтар болсақ «Балқаш балықшылары» еңбегі қазақстандық бейнелеу өнеріне берері мол. Мейрамның бейнелеген дала көріністерінде көбіне күз образы кеңінен тараған.  

 

Барлық жаңалықтар