Әлем кем дегенде 15 жылдан кейін электромобильдерге көшеді-Штюрмер

16 Қыркүйек, 2016 14:59
Әлемнің электромобильдерге көшуінің болжамдық күнін Германиядағы Price Waterhouse Coopers агенттігінің жетекші халықаралық сарапшысы Кристоф Штюрмер айтты.

«Электромобильдер – соңғы жаңалық және ол қоршаған ортаны ластамауымен бірегей. Дизель отынын қарастыратын өндірушілер олардың өнімдерінің ескіріп қалатындықтарын ескеруі керек. Отын – ең үздік стратегия емес. Болашақтың машинасы үлкен қозғалтқышты және қосалқы бөлшекті болады. Ал энергияны ыдыраушылық жолмен аламыз және бұл машина жасауда ереже болады деп санаймыз»,- деді Кристоф Штюрмер

Алайда, Кристоф Штюрмер сөз барысында әлемнің жаңа технологияға толықтай үйренуіне біршама уақыт керектігін айтты.

«Көмірқышқыл газына қозғалыстың бейтарап болуын қалайтын болсақ, біз, осындай технологияға қолданыстағы машиналарды қалай аудару керектігін ойластыруымыз керек. Бүгін жер бетінде 9 миллионнан астам көлік  бар. Автокөлік нарығына жаңа технологияны енгізетін болсақ, онда кем дегенде 15 жыл өту керек. Сол кезде ғана жаңа технология барлық әлем бойынша қолжетімді болады»,-деді Штюрмер.

Барлық жаңалықтар