- Басты
- Жаңалықтар
- М. Пішембаев: Машина жасаудағы бір жұмыс орны іргелес өнеркәсіп салаларындағы 100 жұмыс орнына тиесілі
М. Пішембаев: Машина жасаудағы бір жұмыс орны іргелес өнеркәсіп салаларындағы 100 жұмыс орнына тиесілі
«Біздің шарамызға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың машина жасау саласының дамуына көңіл бөлетіндігі ерекше маңыздылық береді. Президенттің арқасында еліміздің индустрияландыруында белсенді саясат жүргізілуде және индустрияландырудың жүрегі машина жасау болып табылады. Машина жасаумен құрылған бір жұмыс орны мультипликативтік әсерге ие және оларда көршілес өнеркәсіп салаларында 100 жұмыс орнын құру мүмкіндігі бар»,-деді ол.
М. Пішембаевтың айтуы бойынша, Қазақстанда машина жасау өндірісін оқшаулауға мүдделі және үлестерін ұлғайтуда. Өйткені ол елімізде бәсекелестіктің артықшылықтарын қамтамасыз етеді.
«Қазақстанда толықтырғыш қосалқы бөлшектерді шығара отырып, біз бәсекеге қабілетті боламыз. Сол себепті мемлекеттің саясаты міндетті түрде бизнестің мүддесімен сәйкес келеді»,-деді ол.
Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы машина жасаудың түйінді салаларының бірі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау болатындығын айтты және ол Қазақстан экономикасының маңызды бөлігі.
«Біз аграрлық тарап боламыз. Ауыл шаруашылық машиналарын жасау тек комбайндар, тракторлар, тіркелгіш және тағы басқалармен ғана шектеліп қоймайды. Біздің алдымызға қойған үлкен тапсырмалар бар – бұл барлық өңдеуші технологияларды әзірлеу, жем-шөп өндіру үшін құралдар және т.б»,-деп толықтырды ол.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары