Атырау облысы Астанадағы жәрмеңкеге 30 тонна балық өнімін жеткізеді

16 Қыркүйек, 2016 13:04
Атырау облысы Астанадағы жәрмеңкеге 30 тонна балық өнімін жеткізеді, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Наутиев.

17-18 қыркүйек күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» атты – Атырау облысының Астана қаласындағы күндері өткізіледі.Жәрмеңкеде облыстың 36 тауар өндірушілері қатысып, жалпы көлемі 90,1 тонна өнім шығару жоспарлануда: балық – 31 тн., картоп және көкөніс өнімдері – 38 тн., сүт өнімдері – 4,6 тн., ет өнімдері – 6,3 тн.,  шұжық өнімдері–2 тн.,   консервіленген ет өнімдері– 5200 дана, жұмыртқа – 100 мың,    салат өнімдері – 250 дана, бөдене жұмыртқасы – 7 мың дана.

“Сонымен қатар, жәрмеңке барысында облыстың өнер шеберлерінің концерттік бағдарламасы өтеді. Концертке Жылыой, Махамбет, Мақат аударының шығармашылық ұжымдары, жеке орындаушылар қатысады. Сонымен бірге «Мерует», «Жұлдыз» үлгілі би топтары өз бағдарламасын көрерменге ұсынады”, - А.Наутиев.

Жалпы, Атырау облысы бойынша барлығы 260-қа жуық өнер иелері, 10 шығармашылық топтар осы шараға қатысуда. Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жедел қаркынмен өсіп келе жатқан аймақтың бірі.

Облыстың жалпы өңірлік өнімі осы жылдың 1-ші тоқсанында  1 триллион 177,2 млрд. теңгені құраса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 триллион 515,6 млрд теңгені құрады.  Аймақта индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5,1 мың жұмыс орнын құрумен және жалпы құны 2,5 трлн теңгені құрайтын 49 инвистициялық жоба іске асырылуда.

“Негізгі капиталға инвистиция көлемі 53,1%-ға өсіп, 1 093,1 млрд. теңгені құрады.

Осы кезеңге 273,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, салыстырмалы кезеңге қарағанда 3,9 % -ға артық. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне мемлекеттік бюджетке 503,5 млрд теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 132,5%,  РБ – 365,3 млрд. (129,9%) ЖБ -138,2 млрд. (140 %)”, - деді ол.

Барлық жаңалықтар