- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек: Қазақстанның машина жасау саласындағы физикалық көлем индексі 2016 жылы 85%-ды құрайды
Ж.Қасымбек: Қазақстанның машина жасау саласындағы физикалық көлем индексі 2016 жылы 85%-ды құрайды
«2015 жылдан бастап шетелдік машина жасау саласында сияқты бізде де теріс үрдіс байқалады: сұраныстың азаюы, жаңғыртуға құйылған инвестицияның төмендеуі, кәсіпорынның ағымдағы несиелік жағдайының нашарлауы. Бұл жағдайларды ескере отырып, бүгінгі жағдайға өзге көзқараспен қарауды ұсынамыз», - деді министр.
Жеңіс Қасымбек форум қатысушыларына ҮИИДМБ қорытындысы мен ИИДМБ екінші бесжылдығының жұмысы туралы айтып өтті. Сондай-ақ, министр делегаттарды Қазақстанның темір жол өнеркәсібі мен авиациялық техника, машина жасау, қазақстандық электромобильдерді өндіру саласындағы жетістіктері туралы ақпараттандырды.
«Соңғы айларда машина жасаудың нақты салаларындағы өсу үрдісін байқап отырмыз, жалпы 2016 жылдың қорытындысы бойынша физикалық көлем индексін 85 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Алайда, өндірісті кідіртіп тұрған бірқатар проблемалар да бар: оның бірі кәсіпорынды қаржыландыру мәселесіне байланысты, машина жасау кәсіпорындары толық өз әлеуетін қолданыла алмайды, өз кезегінде жаңғыртылатын компаниялар саптарын кеңейту үшін ұзақмерзімді жеңілдікті несиенің тапшылығын сезініп отыр», - деді Ж.Қасымбек.
Айта кетейік, Астанада Қазақстан машина жасаушыларының IV форумы өз жұмысын бастады. Форум тақырыбы: «Машина жасауды дамыту – бәсекеге қабілетті Қазақстан» деп аталады. Форумға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов қатысып жатыр.Шараға 20 елден келген 180 делегация және қазақстандық машина жасау өнеркәсібіндегі ірі өндірушілер қатысуда. Форумның негізгі мақсаты - отандық машина жасау саласының даму әлеуетін көрсету және әлемдегі өнеркәсіп алыптарын ынтымақтасуға тарту.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі