- Басты
- Жаңалықтар
- IT саласындағы шетелдік жетекші сарапшылар қазақстандық мамандармен тәжірибе алмасуда
IT саласындағы шетелдік жетекші сарапшылар қазақстандық мамандармен тәжірибе алмасуда
«Самұрық-Қазына» АҚ хабарлағандай, Питер Айкен, Рич Макави, Маркуз Железны сияқты әлемге танымал сарапшылар мен ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін 200-ден аса қазақстандық маман бас қосып, IT саласының өзекті мәселелерін талқылауда.
Пленарлық сессияда сөз сөйлеген «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформациялау және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры А.Илькявичюстің айтуынша, заманауи кез-келген компанияның табысындағы ақпараттық технологиялардың ролін бағаламауға болмайды және бизнес-үрдістерін автоматтандырудың сапасы жұмыс барысында қолданылатын ақпараттық жүйелердің санынан әлдеқайда жоғары болуы керек екені де анық.
«Біз Қордың компаниялар тобындағы трансформациялау жөніндегі өз тәжірибемізбен бөлісуге әзірміз және сарапшылардың бүгін және ертең өтетін басқосулары баршамызға өз жұмыстарымызға жаңаша көз көзқараспен қарауға мүмкіндік береді және компанияларымыздың бизнесін дамытуға жаңа идеялар алуға көмектеседі деген үміттемін», -деп түйіндеді сарапшы өз сөзін.
Шараның екінші бөлімі үш секцияның жұмысымен жалғасады және ол секциялардың жұмысы мәліметтерді басқару (Data Management) мәселелеріне, IT мен бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа моделіне, сонымен қатар қазіргі заманғы ақпараттық қауіпсіздік проблемаларына арналады.
Форум аясында өтіп жатырған ақпараттық технологиялардың көрмесіне барып, шара қатысушылары Samsung, TerraLink, Alser, Opentext, Kazakhtelecom, Software AG және т.б. көшбасшы компаниялардың инновация, сандық технология және бағдарламалық қамту салаларындағы жетістіктері мен ақпараттық технологиялар саласындағы соңғы ноу-хаумен таныса алады.
Форумға барлығы 200-ден астам адам қатысады, олардың қатарында ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, IT саласындағы кәсіпкерлер, жекеменшік корпорациялардың IT-бөлімдерінің мамандары, халықаралық сарапшылар бар.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді