- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ әмбебап контейнерлермен астық тасымалдауды ұйымдастыру жоспарлануда
ҚТЖ әмбебап контейнерлермен астық тасымалдауды ұйымдастыру жоспарлануда
«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ында вице-президенті Қанат Алпысбаевтың төрағалығымен өткен жаңа астықты тасымалдау мәселесіне арналған кеңес өткізілді.
Кеңеске мемлекеттік органдар, «ҚТЖ –Жүк тасымалы» АҚ, Азық түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Астық Транс» АҚ, трейдерлер мен Қазақстанның астық нарығындаы кәсіпорындар мен мекемелер өкілдері қатысты.
Қ. Алпысбаев астық тасымалын барынша жинақы өткізудің маңыздылығына тоқталып, компанияның осы бағытта атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.
«Қазақстандық астық Орталық Азия, Таяу Шығыс, Ресейге экспортқа шығарылуда. Қытай бағдарына астық шығару көлемі өсіп келеді. Биылғы жылы ҚХР-на 200 мың тоннадан астам астық жөнелтілді. Қазақстандық астық вагондарымен, әмбебап контейнерлермен Үрімші темір жолының станциялары арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жоспарлануда»,- дейді компанияның вице-президенті.
Оның айтуынша, қазіргі таңда Иран бағдарына мультимодальдық тасымалдауға қолайлы жағдай жасалған. Ақтау портында жылына 60 мың тонна астық қабылдай алатын, 1,5 миллион тонна астық өңдейтін жаңа терминал салынды. Компания астық тасымалдауға бірыңғай тариф енгізіп, оның тұрақты болуына кепілдік етеді».
Қ. Алпысбаев астық компанияларына жүк тиеу мен түсірудің бастапқы және соңғы операциясына дейін жүк тиеу мен түсіру, жылжымалы құрамды тиімді пайдалануға темір жол инфрақұрылымының әзір екендігін атап өтті.
Биылғы жылғы қыркүйектің алғашқы онкүндігінде Республика аумағында 9 миллион гектардың, яғни жалпы егіннің 62 пайызы жиналды. Одан 14 миллион тонна дән бастырылды. Қазақстандық жаңа астықты тасымалдауды жүйелі ұйымдастыруға 7 мың вагон қажет.
-
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық