- Басты
- Жаңалықтар
- 307 мыңнан астам қазақстандыққа «Денсаулық жолы-2016» акциясының аясында медициналық қызметтер көрсетілді
307 мыңнан астам қазақстандыққа «Денсаулық жолы-2016» акциясының аясында медициналық қызметтер көрсетілді
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 119364 адам флюрографиялық зерттеуден өткізілді, оның ішінде 857 адамда патологиялық өзгеріс жағдайы диагностикаланды, 51 туберкулез жағдайы анықталды. Пациенттер әрі қарай тексерілуге, диагнозды анықтауға және кешенді емделуге жіберілді.
98 мың 418 ауыл тұрғынына зертханалық, 61 мың 034 адамға аспапты зерттеу жүргізілді.
20 мың 982 тексерілген адамдардың ішінен қауіп-қатер факторлары, оның ішінде 8 мың 781 адамда темекі шегу, 3939 адамда ішімдікті пайдалану, 8 мың 262 адамда денедегі артық салмақтың бар екені белгілі болды.
8167 адамда созылмалы жұқпалы аурулардың, 5 мың 494 адамда қан айналымы жүйесінің (артериалдық қысымның артуы, ЭКГ-дағы өзгерістер), 2 мың 673 адамда қант диабетінің (диабеталды, ашқарындағы глюкоза деңгейінің ұлғаюы жағдайлары) белгісі анықталды.
Маңызды патологиялары бар пациенттер облыстық орталықтарға тексеруге жіберілді.
Сонымен бірге, СӨСҚ аймақтық орталықтары өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді. Оның ішінде 202 мың 201 адамды қамтыған 169 акциялар; денсаулық мектептеріндегі 849 сабақ; 24 конференция; 72 дөңгелек стол; 388 семинарлар мен тренингтер; 500 ашық есік күндері; 27 спорттық шаралар; 28 мыңнан астам дәрістер, сауалнамалар мен әңгімелесулер болды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республика бойынша «Денсаулық жолы – 2016» кең көлемді акциясы өтеді. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру және көптеген аурулардың алдын алу мәселелері бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру және практикалық көмек көрсету болып табылады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты