• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шығыс Қазақстан облысында омарташыларды қолдау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысында омарташыларды қолдау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

3 Желтоқсан, 2013 14:48
Омарташылықтың отаны саналатын Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында «Шығыс Қазақстан омартасы» атты жаңа жоба жүзеге асты, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

«Жоба аясында Бобровка мектебінің оқушылары омарташылықтың негізіне үйренеді. Бұған қоса аудандағы ғылыми-зерттеу институтынында 6 айлық курстар ұйымдастырылып, оқуды тәмамдағандарға арнайы куәліктер табысталады», - деді әкім.

Биылғы жылдың өзінде осындай куәліктер 19 адамға берілген екен. 

«Бұл жұмыс жалғасын табады. Өйткені омарташы негіздерін білген адам келешекте өз отбасын қамсыздандыра алады»,- деп атап өтті аудан әкімі Нұрлыбек Шерубаев БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәжілісінде.

"Аудан әкімінің айтуына қарағанда, омарташыларды қолдап, бал өнімдерін өткізу мақсатында биыл Шымкент, Қарағанды, Астана және Алматы қалаларында жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Жол шығындарын аудандық әкімдік өз мойнына алды, - деді әкім өз сөзінде.

 

Барлық жаңалықтар