• Басты
  • 389 мыңнан астам адамның зейнетақысы үйіне жеткізілді – «Қазпочта» төрағасы
7 Сәуір, 2020 15:20

389 мыңнан астам адамның зейнетақысы үйіне жеткізілді – «Қазпочта» төрағасы

«Қазпочта» АҚ филиалдарында зейнетақылар мен жәрдемақылардың берілу мәселесі туралы  «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


 389 мыңнан астам адамның зейнетақысы үйіне жеткізілді – «Қазпочта» төрағасы
«ТЖ мен карантин режимі басталғалы пошта және қаржылық қызметтерді ұсынуды тоқтатпадық. Пошта бөлімінің жұмысына өзгертулер енгізілді. Мысалы, елордада 34 бөлімшенің 10-ы, Алматыда 91 бөлімшенің 30-ы істеп тұр. Жұмыс уақыты 10-нан 16-ға дейін қысқартылды. Алматы, СҚО, Қарағанды облыстарында 16-00-ге дейін, қалған аймақтарда 17-00-ге дейін істеп тұр. Жергілікті биліктің сұрауымен көп аймақтарда демалыс күндері де жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс кестесі ресми сайтта жаңартылып тұрады. Барлық бөлімшелерді дымқыл тазалау үнемі жүргізіліп келеді. Қызметкерлерге маскалар мен санитарлық дезинфекциялау құрылдары беріледі. Бөлімшеде қызмет ала алатын адамдар саны шектеулі. Тұрғындарға қашықтықтан қызмет көрсету қызметтерін қолдануды сұраймыз», - деді С.Сәрсенов.

Сонымен қатар, ол пошташылар мен курьерлер газет,хаттар мен журналдарды штаттық режимде жеткізіп отырғанын айтты.

«Қолайсыз эпидемиологиялық жағдай кезінде «Қазпошта» тұрғындардың үйден қызмет алуына барлығын жасап жатыр. Зейнетақы мен жәрдемақыға келсек. Қазір қозғалыстың шектелуіне байланысты поштаға зейнетақы алуға келетін зейнеткерлердің сәуірдегі зейнетақысын үйлеріне жеткізіп жатырмыз. Қалғандарына төлем картасын ашып, ақшаларын сол картаға аударып, карталарын үйлеріне жеткізіп жатырмыз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, 1-15 сәуір аралығында зейнетақыны үйге жеткізу кестесін әзірледік. Ол бойынша бүгінгі күнге дейін 389 мың 572 зейнеткердің үйіне зейнетақыны жеткізіп, 6 мыңға жуық зейнеткерді төлем картасына көшірдік. Зейнеткерлердің арасында карантин біткен соң пошта бөлімшесінен келіп зейнетақыларын алам деушілер де бар. Олармен үнемі байланыста отырмыз», - деді ол.

Ол айтып өткендей, 42 500 теңгені беру үшін барлық бөлімшелерде экспресс карталар мен ағымдағы есепті ашып, БЖТ-ні төлемдерді қабылдап жатқанын айтты.

«Ұлтық банктің мәліметтеріне сәйкес,  жәрдемақыны алу үшін арнайы есепшот ашудың қажеті жоқ. Кез келген банктің немесе Қазпоштаның шотын қолдануға болады. Олардың жәрдемақы төлемдерін ешкім ұстай алмайды. Соңғы  6 күнде  237 мың клиентке 42 500 теңге аясында көлем көрсеттік.  126 мың  204 есепшот ашылды. 127 мыңнан астам адам БЖТ-ні төледі. Қазір шотты онлайн ашу, виртуалды карта ашу қызметін ашып жатырмыз, ол іске қосылғанда  қосымша хабарлаймыз. Поштаға келген жағдайда қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз», - деді ол. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды