Көкшетауда инновациялық музей жобалары таныстырылды (ФОТО)

17 Қыркүйек, 2016 12:04
Ұлт жоспары -«100 нақты қадамды» іске асыру, «Мәңгілік ел» жалпы мемлекеттік идеяны нығайту аясында, Ақмола облысында инновациялық көркемөнер мұражай жобаларының тұсаукесері болды.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының мәліметі бойынша, мәдени жобалардың санына «Алаш арысы Әлихан Бөкейхан» жобасы кірді.

«Қазақтың ұлттық киімдері мен тігін ісі» атты инновациялық жоба шығармашылық іс-шараларды жүргізуге бағытталған.

«Ақша белгілеріндегі Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихы» атты жоба: Қор коллекциясын зерттеу барысында ақша белгілеріне жүйелеу жұмыстары жасалды. Көрмелік материал негізінде шараның кезеңі болады және ол ақшалық белгілер арқылы Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихын көпшілікке таратады.

Сонымен қатар, ІСБ айтып өткендей, 1890 жылдан бастап Көкшетау қаласында  күз айында 10 күн ішінде «маусымдық жәрмеңкелер» болып тұрды. Ол жерде керекті азық-түліктерді ғана сатып алып қоймай, сонымен қатар, ұлысазгерлердің  әндерін, ұлы ақындардың өлеңдерін тындап қайтуға болады.

Осылайша, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1890 жылғы күздік жәрмеңің нақты көшірмесін жасап, халықты бір қуантты.

 

Барлық жаңалықтар