• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР СІМ: Қараша айында көліктік-логистикалық саладағы австриялық компаниялар тобы Қазақстанға сапарлап келеді

ҚР СІМ: Қараша айында көліктік-логистикалық саладағы австриялық компаниялар тобы Қазақстанға сапарлап келеді

16 Қыркүйек, 2016 18:14
Венада «Транскаспий сауда-транзиттік дәлізі» тақырыбында форум өтті. Форум жұмысына Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан,Түркия және Австрияның мемлекеттік және жеке секторларының өкілдері қатысты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, форумды Австрияның Экономикалық палатасы ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанатында АЭП вице-министрі Рихард Шенц 2016 жылдың қараша айында қазақстандық бизнес серіктестігінің мүмкіндіктерін білу үшін Қазақстан мен Қытайға көліктік-логистикалық саладағы австриялық компанияның таныстыру миссиясының жіберілуі жоспарланып жатқандығын айтты.

Қазақстан елшісі Қайрат Сарыбай форум қатысушыларына «Ұлы Еуразия» тұжырымдамасы, «Ұлы Жібек жолының» жандануы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат және «Еуразиялық трансқұрлық  дәлізі» мультимодельдік көлік дәлізі жобасының аясында саясат туралы айтып өтті.

Қазақстандық тараптан негізгі баяндамашы «ҚТЖ-Экспресс» АҚ Басқарма төрағасы Диас Ысқақов болды. Оның баяндамасының тақырыбы «Халықаралық транскаспий бағытынның мүмкіндіктері мен келешегі: консорциум және көліктік-логистикалық қызмет» деп аталды.

Барлық жаңалықтар