Алматылық омарташылар 2016 жылы 15 тонна бал экспорттады

16 Қыркүйек, 2016 10:56
Алматы қаласында әлемнің 25 елінен келген 170 делегат пен қазақстандық ғалымдар, омарташылар «Апиславия» XXI Халықаралық омарташылар конгресінің жұмысына қатысуда, деп хабарлады қала әкімдігі.

Аймақ акімі шараның маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сөз барысында қала әкімі аталмыш саланы дамытуда зор әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Конгресс омарташылықтың дамуына қосымша күш беретін болады және өндірушілер арасында диалог құрады.

«Алматылық шоғарландыру аясында ауыл шаруашылығының  осы бағытын дамытудамыз. Осылайша, Алматының азық-түлік  белдеуінде 1 000-нан астам омарташылар жұмыс істейді. Біздің өндірушілер экспортқа шығуда. Мысалы, өткен жылы 36 тонна бал экспортқа шығарылды, ал ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында – 15 тонна»,-деді Б.Байбек.

Сонымен қатар, әкім жоғары сапалы таза өнімдердің ішкі нарықта сұранысқа ие болып жатқандығын айтып өтті. 

Айта кетейік, Алматыда 14-17 қыркүйек аралығында бал жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Барлық жаңалықтар