- Басты
- Жаңалықтар
- Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары қауіпсіздікті қамту жөніндегі құжаттарды қарайды
Бішкекте ТМД елдерінің көшбасшылары қауіпсіздікті қамту жөніндегі құжаттарды қарайды
ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы күннің екінші жартысында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өтеді. Оған дейін ТМД сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтеді. Бағдарламаға сәйкес, мемлекет басшылары кеңесінің екі отырысын өткізу жоспарланған, шағын және кеңейтілген отырыс Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың төрағалығымен өтеді.
ТМД атқарушы комитетінің ақпараттық-сараптмалық департаменті хабарлағандай, маңызды жобаларға келесілер жатады:
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы елдері басшыларының ТМД-ның 25 жылдығына орай мәлімдемесі.
Мәлімдеменің жобасында ТМД қызметінің 25 жылдық қорытындысы айтылады, атап айтсақ, Достастықтың бірегейлігі мен әмбебаптығы, халықаралық қарым-қатынастағы маңызды рөлі талқыланады. ТМД форматындағы ынтымақтастықты заманауи сын-қатерлерге қарсы бағыттау туралы ортақ шешімі айтылды.
- ТМД елдері басшыларының Нюрнберг процессі жұмысының аяқталуының 70 жылдығына байланысты мәлімдемесі.
Нюрнберг трибуналы ірі саяси-құқықтық жетістікке айналып, заманауи халықаралық құқықты дамытуда маңызды рөлге ие болды.
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының замануи жағдайға бейімделуі туралы құжат.
Жобада ТМД-ның замануи жағдайларға бейімделуі бойынша ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралары қарастырылған.
Гуманитарлық салада өзара байланысты кеңейту аясында бірқатар шешімдерді қарау жоспарланған: 2017 жылды Отбасы жылы етіп жариялау, 2018 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Мәдениет жылын атау, Әзірбайжан Республикаында «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасын 2017 жылы жүзеге асыру туралы, «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасы Қосымшасына өзгерістерді енгізу туралы.
Экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мақсатында бірқатар құжаттарды қарау жоспарланған: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде 2020 жылдың халық санағын өткізу шешімі туралы жоба.
2020 жылға раундтың халық санағын өткізу Достастық елдеріне мемлекеттер арасында халық санағы туралы ақпарат алуға, демографиялық, этникалық, экономикалық және әлеуметтік қоғам құрылымы мен мемлекет пен өңірдегі жағдай туралы ақпарат береді.
Сондай-ақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы өңіраралық ынтымақтастық конвенция жобасын қарау жоспарланып отыр.
ТМД отырысында жаңа сын-қатерлер мен тәуекелдерге қарсы тұру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар құжат жобалары қарастырылады.
Отырысқа қатысушылар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 2017 жылғы төрағалық ету шешімі мен кезекті МБК отырысын өткізу орнын анықтайды.
Айта кетейік, ТМД-ға 11 ел мүше: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина. ТМД 1991 жылдың 8 желтоқсанында құрылды.
Ботагөз Айтжанова
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген