• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық қашықтықтан тексеретін тұңғыш ғарыштық аппарат 2014 жылы ұшырылмақ – М.Молдабеков

Қазақстандық қашықтықтан тексеретін тұңғыш ғарыштық аппарат 2014 жылы ұшырылмақ – М.Молдабеков

3 Желтоқсан, 2013 14:15
Алғашқы қазақстандық Жерді орташа кеңістікте қашықтықтан зондпен тексеретін ғарыштық аппарат 2014 жылдың бірінші маусымында ұшырылмақ. Ал Жерді жоғары кеңістікте қашықтықтан зондпен тексеретін космостық аппарат 2014 жылдың екінші маусымында іске қосылмақ, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабеков ОКҚ боифингінде.

«ҚР-да Жерді қашықтықтан зондпен тексеретін ғарыштық  жүйесі құрылады. Оның құрамына Жерді қашықтықтан зондпен тексеретін орта және жоғары кеңістіктегі екі Жер серігі енеді. Жер серігін басқарудың жер үсті кешені мен топографиялық және тақырыптық картография, табиғи байлықтарды барлау, кен орнын геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз ету, дала және орман өрттеріне мониторинг жасау, ауылшаруашылығы мониторингі, экологиялық мониторинг секілді бірқатар міндеттемелерді шешуге арналған космостық мәліметтерді өңдеу мен мақсатты кешенді талдауға арналған», - М.Молдабеков.

Айта кету керек, ЖҚЗТ космостық жүйесі космостық және жер үсті бөліктерінен тұрады.

Бүгінде ЖҚЗТ космостық жүйесі жобасы бойынша, жобалау және ЖҚЗТ космостық аппараттарын дайындау жұмыстары аяқталған. Сонымен қатар орта қашықтықтағы ЖҚЗТ космостық аппараттарын сынақтан өткізу жұмысы жүргізілді. Жоғарғы қашықтықтағы ЖҚЗТ космостық аппаратын сынау шаралары өткізілуде. Бұдан бөлек жер беті сегментінің құрылыс-монтаж жұмыстары да жүргізілуде.

Бұрындары Жерді қашықтықтан зондпен тексерудің бірінші қазақстандық жер серігін шығаруға арналған конференцияда ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев айтқандай, ЖҚЗТ ұлттық жүйесін құру ЖҚЗТ мәліметтерін дайындауда экономикалық тиімділікке жол ашады.

«Қазіргі таңда ЖҚЗТ-дің ішкі нарығы дамуы, өкінішке қарай, кеңінен қанат жая алмай отыр. Оған себеп мемлекеттік органдардағы космостық түсірімдерді оқудың заманауи құралдарының болмауы, ЖҚЗТ мамандарының тапшылығы. ҚЗТ ұлттық жүйесін құру ЖҚЗТ мәліметтерін дайындауда экономикалық тиімділікке жол ашады», - деді Мұсабаев.

Жерді қашықтықтан зондпен тексеру – ғарыштан жер бетінің түсірімін жасауге түрлі түсіру құралдарының да қажет ететіні анық.

Барлық жаңалықтар