• Басты
  • Жаңалықтар
  • АХҚО Шығыс пен Батысты біріктіретін «қаржы қақпасына» айналуы керек - Премьер-Министр

АХҚО Шығыс пен Батысты біріктіретін «қаржы қақпасына» айналуы керек - Премьер-Министр

15 Қыркүйек, 2016 18:31
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Гонконг (ҚХР) Қаржы мәселелері жөніндегі хатшысы Джон Цанг Чунг-вамен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған өзара тиімді серіктестік үшін жаңа перспективалар ашатын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламасын өзара үйлестіру жолдары талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы инвестициялық ынтымақтасты дамыту және өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту үшін тиімді жағдай тудыру қажеттігіне тоқталды.

«Біз бұл орталығымызды батыс пен шығыстағы дамыған және дамушы елдердің арасындағы сауда-қаржылық ағымдарды қамтамасыз ететін «қаржы қақпасына» айналдыруды көздеп отырмыз», – деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Бақытжан Сағынтаев пен Джон Цанг Чунг-ва «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Гонконг қаржы орталығы мен «Астана» Халықаралық қаржы орталығының арасында ынтымақтастық орнату туралы сөз қозғады.

 

 

Барлық жаңалықтар