• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда бақылауға алынған тұлғаларды бақылаудың жаңа жүйесі бұрынғысына қарағанда 3 есеге арзандайды

Қазақстанда бақылауға алынған тұлғаларды бақылаудың жаңа жүйесі бұрынғысына қарағанда 3 есеге арзандайды

15 Қыркүйек, 2016 16:13
Бақылауға алынған тұлғалардың жаңа бақылау жүйесі бойынша жоба мемлекетке 3 есе арзанға түседі. Аталмыш жүйенің шығындары 600 мың теңгенің орнына 200 мың теңгені құрайды. Жоба 2017 жылы әзір болады. Бұл туралы ҚР ИДМ Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі Мейірбек Молдабеков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Бақылауға алынған тұлғаларды бақылау жүйесінің  жобасы үлкен әлеуметтік мағынаға ие, жазаға кесілгендерге өздерінің жазаларын жайлы ортада өтеп шығуына көмектеседі, алайда олар әрдайым бақылауда болуы тиіс. Ол үшін арнайы автоматтандырылған жүйе жасалуда. Ол жерде навигатор қолданылады. Электронды білезік арқылы олардың тұрған жері анықталынып отырады»,-деді кеңесші.

М. Молдабеков айтып өткендей, түрмелерде жазаларын өтеп жатқандарға көп көлемде қаржы жұмсалады, ал аталмыш жоба қаражатты үнемдеуге көмектеседі және ол мемлекет үшін тиімді .

«Әрбір жазаға тартылғанды асырау үшін жылына мемлекет 600 мың теңгеден астам қаражат бөледі, ал егер осы жүйеге көшетін болсақ, онда ол үш есеге арзан болады. Электронды білезіктің бағасы , жүйенің техникалық пайдалану құны, ағымдағы шығындардың барлығы адам басына 200 мың теңгеден аспайтын болады. Яғни, бұл экономикалық тұрғыда өте тиімді. Екінші жағынан, адамдар төрт қабырғада отыра бермей, жұмыс істеп, өзіне және қоғамға қандай да бір пайдасын тигізеді»,-деді кеңесші.

Сонымен қатар, кеңесшінің айтуынша, аталмыш жобаны МЖӘ үлгісінде дайындау ұсынылуда. Яғни, инвестор табу керек.

Бақылауға алынған тұлғалардың жаңа бақылау жүйесін 2017 жылы әлемдік стандарттар деңгейінде инженер және ғалымдармен дайындау жоспарланған.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар