- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері қазақстандықтарға 162,8 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілді - ДСӘДМ
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 162,8 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы берілді - ДСӘДМ
15 Қыркүйек, 2016 19:53
2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу үшін 158,9 млрд. теңге, мемлекеттік арнайы жәрдемақы төлеу үшін 3,9 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 504 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 162,7 мың адам, жасы бойынша 3,6 мың адам алады.
Осы кезеңде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орта мөлшері мүгедектігі бойынша 30 359 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 26 706 теңгені, жасы бойынша 11 887 теңгені құрады.
Одан басқа, 1 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес республикада №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыны 23,2 мың адам алады. Жыл басынан бері №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшері артып, сәйкесінше 19 980 және 17 774 теңгені құрады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі