- Басты
- Жаңалықтар
- Астананың коммуналдық қызметтері алдағы жылыту маусымына 100 пайыз дайын
Астананың коммуналдық қызметтері алдағы жылыту маусымына 100 пайыз дайын
«Теплотранзит» АҚ мәліметінше, қалалық денсаулық сақтау, білім және мәдениет нысандары 100%, тұрғын үй қоры 97%-ға дайын.
«Алматы» ауданындағы 1070 үйдің 1050-і немесе жалпы санының 98% дайын. «Есіл» ауданындағы 258 үйдің 239-ында (93%) дайындық жұмыстары аяқталды, «Сарыарқа» ауданында 927 үйдің 914-і (99%) қысқа дайын.
Елорданың үш ауданындағы қалған үйлерде тұрғындардың ықылассыздығынан, сондай-ақ, мақсатты қаржыны жинау қарқынының төмендігінен жұмыстар кестеден кешіктіріліп жатыр. «Астана Теплотранзит» АҚ және «Астана қаласының тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ бірлесіп осы нысандар бойынша жиналыстар өткізіп, тұрғындарға жылу тораптарын жөндеуге мақсатты қаржы жинау қажеттілігі туралы түсіндіруде.
Елорданың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының негізгі және қосалқы жабдықтарын жөндеу бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда «Астана - Энергия» АҚ – 95%, «Астана - Теплотранзит» АҚ - 92%, «Астана - РЭК» АҚ - 80,8%, аудандық қазандықтар – 100% дайын.
Айта кетейік, жылыту маусымына дейін энергия қуаты көздерінде отынның 20 тәуліктік нормативтік қоры жасалады.
Сонымен қатар, биылғы жылдың әр айға бөлінген көмір жеткізу кестесі бекітілді.
Кәсіпорындардың 2016-2017 жж. жылыту маусымына дайындық төлқұжаттары жөндеу кампаниясы аяқталған соң ү.ж. 1 қазанына дейін беріледі.
Отырыс қорытындысы бойынша Әсет Исекешев жауапты тұлғаларға барлық қалалық нысандарды жылыту маусымына дайындауды уақытылы аяқтауды және 1 қазанда балабақшаларға, мектептерге, ауруханаларға жылу беруді тапсырды. Қалған нысандарды, соның ішінде тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау ауа райының өзгеруіне (ауа температурасының төмендеуі) байланысты болады.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады