• Басты
  • ЭКСПО-2017 көрмесіне 2018-2019 жылдары қосымша 34 млрд теңге бағытталады
15 Қыркүйек, 2016 15:39

ЭКСПО-2017 көрмесіне 2018-2019 жылдары қосымша 34 млрд теңге бағытталады

2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 2018-2019 жылға 33,8 млрд теңге жоспарланған және ол қаражат ЭКСПО-2017 көрме нысандарын көрмеден кейінгі қолданыс бойынша іс-шараларға бағытталатын болады, деп ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.
ЭКСПО-2017 көрмесіне  2018-2019 жылдары қосымша 34 млрд теңге  бағытталады

«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заң жобасын таныстыру барысында Бақыт Сұлтанов «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне жұмсалып жатқан қаражат туралы айтып өтті.

«ЭКСПО-2017»Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу үшін 2017-2019 жылдарға 110,8 млрд теңге қаражат қарастырылған»,-деді министр.

Оның айтуы бойынша, жоспарға сәйкес, 2017 жылы Халықаралық көрмелер бюросымен өзара ынтымақтастық, ұлттық және халықаралық ойын-сауық және спорттық іс-шаралар кезінде жарықтандыру және жарнамалық көрмелер бойынша 77 млрд теңге жоспарланған.

«2018-2019 жылдарға жоспарланған 33,8 млрд теңге көрме нысандарын көрмеден кейінгі  қолданыс бойынша іс-шараларға батытталады»,-деді Б.Сұлтанов.

 

Барлық жаңалықтар
3.238.107.166, 192.168.88.100