- Басты
- Жаңалықтар
- Өзара іс-қимылымыз Қазақстан мен Гонконг арасындағы достық қарым-қатынастың аясында ілгерілеп келеді – Назарбаев
Өзара іс-қимылымыз Қазақстан мен Гонконг арасындағы достық қарым-қатынастың аясында ілгерілеп келеді – Назарбаев
Кездесуде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру барысындағы өзара іс-қимыл мәселелері жан-жақты талқыланды.
Мемлекет басшысы сапардың жоғары маңыздылығын, сондай-ақ Гонконгтың қаржы, инновация және технология салаларындағы тәжірибесінің құндылығын атап өтті.
«Гонконг әлемдік жетекші қаржы орталықтарының бірі болғандықтан, сіздердің тәжірибелеріңіз бізге аса қажет. Қазіргі уақытта біз қалыптасу кезеңін бастан өткерудеміз. Жалпы, өзара іс-қимылымыз Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастың аясында ілгерілеп келеді», – деді Қазақстан Президенті.
Д.Цанг Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс айтып, бұған дейінгі өткен келіссөздердің табысты болғанын атап өтті.
«Қазақстан мен Қытай арасындағы берік серіктестік байланыстар ынтымақтастығымыздың негізі болып саналады. Делегациямыздың құрамында 20-ға жуық іскер топ өкілі бар. Біз Қазақстан тарапымен жемісті келіссөздер жүргізіп, оның барысында талқыланған күн тәртібіндегі барлық мәселелер жөнінде өзара түсіністікке қол жеткізе білдік», – деді Д.Цанг.
Бұдан бөлек, Гонконгтың қаржы министрі Назарбаев университетінің студенттерімен әңгімелесуден зор әсер алғанын атап өтті.
Соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Д.Цанг Қазақстан мен Гонконгтың одан әрі ынтымақтастығы табысты болатынына сенім білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары