- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Вьетнамның Ұлттық музейлері бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізеді (ФОТО)
Қазақстан мен Вьетнамның Ұлттық музейлері бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізеді (ФОТО)
Меморандумның негізгі мақсаты – мәдени мұраны сақтау, зерттеу және тарату, сондай-ақ екі елдің музейлері арасындағы ғылыми және іскерлік байланысты дамыту. Қос тараптың да уағдаластық жасауға өзара мүдделілігін ескере отырып дайындалған меморандум 7 баптан тұрады.
Онда ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру жобаларын бірлесіп әзірлеу және іске асыру, бірлескен ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарлар мен симпозиумдарға қатысу және өткізу, бірлескен көрмелер, жарияланымдар ұйымдастыру төңірегіндегі мәселелер қарастырылған. Аталған меморандумға қол қою арқылы екі тарап өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында мамандармен алмасып, ғылыми құжаттар мен экспонаттардың, коллекциялардың көшірмесін жасап өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік алады.
Екі ел музейлерінің басшылары маңызды деген тақырыптарды ғылыми игеруге байланысты жобаларға ерекше басымдық беруге уағдаласты. Алдағы уақытта ынтымақтастықтың өзге де бағыттары мен тақырыптар тізбегі нақтыланып екі жақты келісім бойынша толықтырылып отырады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды