• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Женевада ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын ұсынды (ФОТО)

Қазақстан Женевада ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларын ұсынды (ФОТО)

15 Қыркүйек, 2016 14:57
БҰҰ қарусыздандыру бойынша конференциясының жалпы отырысында Женевадағы ҚР тұрақты өкілі Жанар Айтжанова ядролық қарусыздану және қауіпсіздік саласында Қазақстанның соңғы бастамалары туралы сөз сөйледі, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Отырыстың қатысушылары ағымдағы жылдың 29 тамызында  «Ядролық қарудан азат әлемді құру» атты халықаралық конференцияда қабалданған Astana Vision Декларациясының негізгі жағдайымен танысты. Аталмыш құжат Конференцияның ресми құжаты ретінде енді. Отырыс барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық қауымдастықты ядролық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыратын халықаралық шарттар мен институттарды нығайту үшін міндеттерді қабылдауға шақырғандығы айтылды. Сонымен қатар,  сөз барысынджа Ж.Айтжанова 2017-2018 жылдар аралығында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып жұмыс атқаруы барысында халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатындығын айтып өтті.

Ж.Айтжанова қатысушыларға ядролық қарусыздану және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық сыйлығының бастамасын мәлімдеп өтті. Марапаттау 2016 жылдың қараша айында Бірінші дүниежүзілік Астана саммиті барысында алғаш рет ұсынылатын болады және ол жерге мемлекет басшылары мен үкімет шақыртылады.

Барлық жаңалықтар