- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан кітапхана қорын сандық форматқа ауыстыру арқылы мәдени мұраға қамқорлық жасап отыр – Пентелей
Қазақстан кітапхана қорын сандық форматқа ауыстыру арқылы мәдени мұраға қамқорлық жасап отыр – Пентелей
«Бүгінге дейін Қазақстан кітапханалары туралы біздің басылымдардан біліп отырдым. Бүгін мен олардың жетістіктеріне қатты таңданып отырмын. Кітапхана қорларының сандық форматқа аударылуы Қазақстанның өз мәдени мұраларына деген қамқорлығын көрсетеді. Яғни, интернетке қолжетімді болса, адамдар 24 сағат бойы Қазақстан кітапханаларының қорына қолжетімді бола алады. Бұл мені қатты қызықтырады және өз басым Ұлттық электронды кітапханамыздың контентімен танысуға тырысамын. Сіздер сандық форматқа ауысуда жоғары технологияларды қолданасыздар, сонымен қатар, ғылыми жұмыскерлеріңізге қамқорлық танытып отырсыздар, оған қоса олар қашықтықтан да жұмыстарын атқара алады»,-деді Елена Пентелей.
Шетелдік қонақ сөз барысында Қазақстандағы сандық кітаптардың саны Молдавиямен салыстырғанда біршама көп екендігін айтып өтті.
«Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасы қазіргі күні жақсы деңгейде дамуда. Сондай-ақ, сандық кітаптың саны біздермен салыстырғанда біршамаға көп. Менің ойымша, барлық елдер үшін сіздер мысал бола аласыздар»,-деді ол.
Тәуелсіздік Сарайында кітапханашылардың Халықаралық Конгресі ашылды. Астана қаласына ТМД және әлемнің Ұлттық кітапханаларының өкілдері келді. Олар: Ресей, Молдавия, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Иран Ислам Республикасы, Еуразия кітапханалық ассамблеясы, қоғамдық және саяси қайраткерлер, ғалымдар, ақындар, жазушылар, мәдениет танушылар және баспагерлер.
ҚР Ұлттық кітапхана Конгресі аясында кездесуге келген басқа да қатысушы-елдермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты