- Басты
- Жаңалықтар
- «Өңірлерді дамыту-2020»: Биыл Жамбыл облысында 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілмек
«Өңірлерді дамыту-2020»: Биыл Жамбыл облысында 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілмек
Құжаттарға сәйкес, осы өңірде құрылыс салу және 6 көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол жалпы аумағы 37 мың шаршы метрлі 480 пәтер. Олар салынып біткен соң, 1 шаршы метрі үшін 116 мың теңгемен өткізіледі және 2017 жылдың тамыз айында беріледі.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен әкімдік арасында «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй» бағыты бойынша 7 көппәтерлі тұрғын үйге арналған Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда, олардың жалпы аумағы 31,6 мың ш.м. құрайтын 399 пәтерлі 6 тұрғын үйі беріліп те қойды.
Спикердің айтуынша ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанында «Арай» алқабынан жалпы аумағы 6,179 мың ш.м. қүрайтын 80 пәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда осы нысандар бойынша пәтерлерді сатып алушылар құны құрылып та қойды және банк салымшылары пәтерлерді сатып алу үшін, қажет құжаттарды дайындау үстінде.
Сонымен қатар «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй» бағыты бойынша жалпы аумағы 28,8 мың м2 құрайтын 465 пәтерлі 6 тұрғын үйдің салынуы және өткізілуі бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Барлық пәтерлер кейінгі сатып алу механизмі арқылы өткізілді. Жалпы Жамбыл облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Қазіргі таңда, осы өңірде ҚТҚЖБ-ның 22 мың салымшысы тұрып жатыр. Олардың Банктегі жинағының жалпы сомасы 7 811 млн. теңгеден асады. Осы жылдың басынан бері 4 027 жаңа ТҚЖ шарты жасалған. Ал, алдыңғы жылы 2,5 миллиард теңге көлемінде кредит берілген - деп мәлімдеді спикер.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр