- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында соңғы 10 жылда 4 миллионнан астам шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салу жоспарланған
Жамбыл облысында соңғы 10 жылда 4 миллионнан астам шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салу жоспарланған
Осы бағдарламаның ерекшелігі – құрылысқа қаражат Ұлттық қордан бір ақ рет 20 жыл мерзімге арнап бөлінеді. Әрі қарай қаражат 2 жыл ішінде айналымға түсіп, банк салымшылары тұрғызылған тұрғын үйлерді сатып алғаннан кейін құрылысқа қайта пайдаланылатын болады. Осы мақсаттарға небәрі 149 млрд. теңге бөлінген. Оның 22 млрд. теңгесі Банк салымшыларын кредиттеуге жіберілсе, 127 млрд. теңгесі «Бәйтерек» басқарушы Холдингіне әлеуметтік тұрғын үй құрылысы үшін жіберіледі.
Ақша екі бағыт бойынша: 67 млрд. теңгесі жергілікті атқарушы органдары арқылы және 60 млрд. теңгесі «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы арқылы бөлінеді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бөлінген қаражатқа 2 жылда республика бойынша 14 мың пәтерді құрайтын 814 мың шаршы метрлі тұрғын үй қатары салынатын болады.
Сонымен қатар соңғы 10 жылда 4,5 миллион шаршы мертлі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдардың желісі бойынша салынатын тұрғын үй біздің салымшылар арасында 50/50 ұстанымы бойынша өткізілетін болады, яғни: пәтердің 50 %-ы Банк салымшыларына, 50 %-ы ЖАО кезегінде тұрғандарға беріледі.
Пәтерлер өңірлерді дамыту бағдарламасының сызбасы бойынша орналастырылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша тұрғын үйлерді іске асыру автоматтандырылған және баллдарды есептеу адами факторды алып тастайтын бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегі арқылы жүргізіледі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді