• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бәйтерек» холдингінде Азия инвестициялық-қаржылық тобымен бірлескен инвестиция мәселесі талқыланды

«Бәйтерек» холдингінде Азия инвестициялық-қаржылық тобымен бірлескен инвестиция мәселесі талқыланды

15 Қыркүйек, 2016 11:36
«Бәйтерек» холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Гонконгтың қаржы министрі Джон Цанг бастаған Гонконгтың бизнес делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

Кездесуде өзара ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары, сондай-ақ бірлескен жобаларға инвестициялар мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен Азия инвестициялық-қаржылық тобы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум инфрақұрылымдық, көліктік жобаларға және «Нұрлы жол» мен «Бір белдеу – бір жол» мемлекеттік бағдарламалары шеңберіндегі логистикалық қызмет көрсету саласындағы жобаларға 1 млрд. АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялау мүмкіндіктерін көздейді.  

Айта кетейік, Азия инвестициялық-қаржылық тобы халықаралық инвестициялық холдингтік компания болып табылады. Компания Қытай Халық Республикасында инвестициялық бизнес, металл мен минералдарды сату, тауар мен қызмет көрсетулерді экспорттау саласындағы қызметті жүзеге асырады.  

 

Барлық жаңалықтар