- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда еліміздегі ең ірі жылыжай кешені іске қосылды (ФОТО)
Алматыда еліміздегі ең ірі жылыжай кешені іске қосылды (ФОТО)
Қаланың Индустриалды аймағындағы 17 га жерге орналасқан «BRB APK» ЖШС-нің бұл жобасының қуаты жылына 7000 тоннадан астам экологиялық таза қияр мен қызанақтар шығарады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жылыжайды аралап көрді.
«Бұл жоба – Мемлекет басшысының ірі қалалар жанынан азық- түлік белдеуін құру жөніндегі жобасының жүзеге асуы. Осылайша біз мегаполисті азық- түлікпен қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндетті, маусым арасында көкөніс бағасын тұрақтандыруды шешеміз.Біз көкөніс өнімдерінің жылыжайдан бірден сауда орындарына түсуі әрі тұтынушылардың барынша сапалы өнім алуы үшін барлық жағдайларды жасаймыз», - деді әкім.
Алматылықтар отандық өнімге биылғы жылдың қараша айында қол жеткізе алады. Өнімнің 80% қаланың сауда орындарымен жасалған меморандумдар арқылы өсіріледі.
Атап өтерлік жайт, қала базарының 70% -ын Қытай мен Өзбекстаннан жеткізілген өнімдер құрайды. «BRB APK» компаниясының көкөністері ішкі нарықтың бестен бір бөлігін қамтамасыз етеді.
Голландиялық қондырғылар мен бұрқақтау арқасында су да үнемделуде. Жылыжайдың іске қосылуы барысында 150 тұрақты жұмыс орны пайда болды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек