- Басты
- Жаңалықтар
- Гонконгтан келген делегация Қазақстанның инвестициялық климатымен танысты
Гонконгтан келген делегация Қазақстанның инвестициялық климатымен танысты
Екіжақты кездесу барысында Гонконгтық тарап Қазақстанға келгендегі негізгі жұмыстарын айтып, алдағы жоспарларымен таныстырды. Қазақстандық тарап елімізде инвестициялық климаттың жақсарғаны туралы, инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалғаны жөнінде және инвесторлардың құқығын қорғауда қатаң талаптар әзірленгенін алға тартты. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасына Гонконгтан келген тікелей шетелдік инвестиция 2005 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта 98,3 млн. АҚШ долларын құраған. Ал, Қазақстаннан Гонконгка бағытталған тікелей инвестиция дәл осы жылдары 107,1 млн. АҚШ долларына тең болған.
Кездесуге Қазақстан тарапынан Гонконг қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Әнуарбек Арынғазинов, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов, ҚР ИДМ Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Гүлдана Садықова, ҚР ИДМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов, ҚР ИДМ Индустрия және туризм департаменті төрағасының орынбасары Темірғали Тырмышев қатысты. Ал, Гонконг тарапынан «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі уәкіл Ивонна Чой, Гонконг халықаралық арбитражды орталық басқарма төрағасы Тереза Чэн сияқты оншақты бизнес өкілдер қатысты.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді