- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» бағдарламасы іске қосылды
ОҚО-да «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» бағдарламасы іске қосылды
«Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өңдеу кәсіпорындарының желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын», - деді өңір басшысы.
Сонымен қатар, көрші облыстарда сүт өнімдеріне деген сұраныстың жоғары екенін айтқан облыс әкімі аталған өңірлермен әріптестік байланыс орнатуды жүктеді.
Мәжілісті қорытындылаған Б.Атамқұлов алға қойған міндеттердің барлығы тұрғындарды жұмыспен қамту екендігін қадап айтты.
Жиында Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардың орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.
Осы ретте аймақ басшысы егістікті ағын сумен толық қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып су қоймаларын салудың жоспарын әзірлеуді тапсырды.
«Егістік алқаптарды суландыру мәселесін шешуде су қоймаларын салудың маңызы айрықша. Бүгінде үлкен су қоймасы Бәйдібек пен Отырар ауданында салынып жатыр. Биыл оның құрылысы аяқталуы тиіс. Облыстық басқарма барлық аудандарда осындай мүмкіндіктерді зерттеп, жоспар әзірлеуі тиіс, ─ деді Б. Атамқұлов.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған