- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан құтқарушылары «Қазқұтқару-2016» жарысында жоғары көрсеткіштерге ие болды (ФОТО)
Қазақстан құтқарушылары «Қазқұтқару-2016» жарысында жоғары көрсеткіштерге ие болды (ФОТО)
ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлағандай, командалар құтқару көпсайыстарында жарысуда.
Жиын-семинардың алғашқы күнінде кәсіби құтқарушылар командалары «Орташа бедерлі жерлер бойынша эстафета (кросс)» арақашықтығын өтті. Жас құтқарушылар да «Техногендік апат жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында құтқару көпсайысы бойынша жарысты.
Қазқұтқару-2016 бірінші күнінің қорытындысы бойынша «Орташа бедерлі жерлер бойынша эстафета (кросс)» арақашықтығында ең көп балл жинап, бірінші орынды Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы командасы алды. Екінші орынға 28237 әскери бөлімі командасы ие болды. Осы арақашықтықта Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары үшінші болды.
Жас құтқарушылар жарыстарында «Александров жібін беру» кезеңінде бірінші орынды Батыс Қазақстан командасы ұтып алды, ал екінші орын Жамбыл облысының командасының қанжығасында. Үшінші орында Астана қаласы жас құтқарушылары иеленді.
«Жауынгерлік қанат жаю» кезеңінде ең көп балл санын Жамбыл облысы жас құтқарушылар командасы жинап алды, екінші орында – Батыс Қазақстан облысы, үшінші орында – Қарағанда облысының командасы.
Қазқұтқару-2016 екінші күнінде командалар «Техногендік апат жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында құтқару көпсайысы бойынша жарысуда, ал жас құтқарушылар «Табиғи апат жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында бірінші орынға күресуде.
Сонымен бірге жарыстарға кинологиялық есептоптар да кірісті. Олардың жарыстары: «Тыңдауды тексеру», «Техногенді ортадағы жағдайда зардап шеккендерді іздеу», «Табиғи ортадағы жағдайда зардап шеккендерді іздеу», «Әртүрлі жағдайларда шартты-зардап шеккендерді командалық іздеу» арақашықтықтары мен кезеңдерінен тұрады.
2016 жылғы 13 қыркүйекте Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала - Астана» оқу-жаттығу полигонында 21-ші «Қазқұтқару-2016» республикалық жиын-семинары басталғанын еске саламыз.
Қазқұтқару-2016 жиын-семинарына ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті құтқару бөлімшелерінен, ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінен, «051» құтқару қызметінен 17 команда, сондай-ақ Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан жас құтқарушылардың 4 командасы қатысуда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді