• Басты
  • Жаңалықтар
  • Климаттық жағдайлар жануарларды қамту саласының маңызды бөлігі – сарапшы (БЕЙНЕ)

Климаттық жағдайлар жануарларды қамту саласының маңызды бөлігі – сарапшы (БЕЙНЕ)

15 Қыркүйек, 2016 09:07
Жаңа жағдайдағы ортаға түскен жануарларда бірқатар өзгерістер болады, климаттық жағдайлар оларды қамтуда өте үлкен маңызға ие, деді Түмен университетінің кафедра меңгерушісі Анатолий Белобороденко Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Олардың өзгерістеріне әсер етуші факторлар қоректендіру уақыты, өзге температура, ауа ылғалдылығы, биометриялық қысым және т. б., жалпы, ағзаның жаңа орында бейімделуіне байланысты душар болатын өзгерістер баршылық. Кей жағдайларда өзгерістер  қатты әсер етсе, кейде үстіртін жеңіл әсер етеді», - деді сарапшы.

Оның пікірінше, бар организмнің қайта жұмыс істеуінің терең жаңғыруы үшін уақыт қажет, ол өмір сүру жағдайын игере отырып, кезең кезеңмен жүзеге асатын болады. «Климатка бейімделуге кезеңімен бойынсұнғанда жақсы жүзеге асады. Жаңа ортаға түскен тұқым өнімділік пен тұқымдылықты  сақтап, үрдісті  өзгеріссіз өткерсе ол жеңіл бейімделгенін білдіреді. Ал, егер жануар өнімділік пен тұқымдылықтың өзгеруіне душар болса, онда оның климатқа бейімделуі нашар екендігін байқауға болады», - деді ол.

Айта кетейік, сарапшы қазақстандық фермерлермен тәжірибе алмасу үшін  Ресейден келді.  Сарапшы мал шаруашылығы саласында үздік әдістермен бөліседі.  Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру  жөніндегі  «100 нақты қадам» -  Ұлт жоспары аясында агроөндірістік кешен ел экономикасының  маңызды саласы екені мәлім.

Индира Кауметова

Бейне: Азамат  Әлиев

Барлық жаңалықтар