- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда автобус жүргізушілеріне жоғары талаптар енгізіледі - ІІМ
Қазақстанда автобус жүргізушілеріне жоғары талаптар енгізіледі - ІІМ
«Бүгінгі күнде автобусты басқару үшін 21 жастан алуға болатын «Д» санатының жүргізуші куәлігі болуы тиіс. Ал заң жобасында «Д» санатынан басқа «Д1» кіші санаты енгізілуде және көрсетілген санаттарды алу үшін жас шектелімі өсуде» - деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитеті баспасөз-қызметінің қызметкері Ирина Лукьянина.
Жүргізушінің орындығынан басқа сегізден он алтыға дейін отыратын орны бар автокөлікті басқару үшін жүргізуші жиырма бір жасқа толуы, онда кемінде үш жыл жүргізуші өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл «С1» санатына жататын көлік құралдарын жүргізу өтілі болуы тиіс. Он алтыдан асатын отыратын орны бар едәуір сыйымды автобусты басқару үшін «Д» санатының жүргізуші куәлігін алу қажет, ол жиырма бес жасқа толған, бес жыл жүргізуші өтілі, оның ішінде кемінде үш жыл «D1» санаты бойынша жүргізуші өтілі бар адамдарға берілетін болады.
ІІМ-де бұл жаңалықтар осы санаттағы көлік құралдарын басқаруға тәжірибесіз жүргізушілерді жіберу фактілерінің санын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолаушылар көлігінде апаттылықтың төмендеуіне ықпал етеді деп санайды.
Жолаушыларды, қауіпті жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарының жүргізушілерін - әрбір үш жыл сайын, ал елу жасқа толғандарды - жыл сайын деп міндетті медициналық қайта куәландыру мерзімдерін анықтау ұсынылады.
Сонымен қатар қалааралық, облысаралық, ауданаралық және халықаралық қатынастарда түнгі уақыта (23 сағаттан таңғы 06 сағатқа дейін) жолаушылар мен жүкті автобус және микроавтобустармен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыруға тыйым салуды белгілеу жоспарлануда.
«Аталған тыйым салу жүріс кестесіне сәйкес автобустар мен микроавтобустар жүзеге асыратын жолаушыларды тұрақты тасымалдауға таралмайды» - деп нақтылады Ирина Лукьянина.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары