- Басты
- Жаңалықтар
- ЖОО академиялық дербестігінің кеңейтілуі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады – ҚР БҒМ
ЖОО академиялық дербестігінің кеңейтілуі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады – ҚР БҒМ
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 78 қадамында және 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамыту бағдарламасыннда «Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып ЖОО-дың академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңмен кеңейту қарастырылған. Жеке меншік ЖОО-ның халықаралық тәжірибеге сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға ауысуы».
ЖООдарының ұйымдастырушылық-құқықтық формасының коммерциялық емес акционерлік қоғамға және басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық формаларға айналуы ең алдымен әлемдік тәжірибеге жақындата отырып олардың басқарушылық дербестігін кеңейтуге, кірістілікті арттыруға және қаржылық модель қалыптастыруға бағытталған. Одан басқа бұл – жұмысқа тарту мәселесін дербес шешудің, мамандықтар мен білім беру бағдарламалары кескінінде студенттердің контингентін қалыптастырудың, ЖООдарының академиялық құрылымн анықтаудың мүмкіндігі.
Академиялық дербестік ЖОО-ның студенттерді қабылдау мәселесінде, профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылар арасындағы қатынасты орнатуда, білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын анықтаудағы құзыреттерді үлестіруді топшылайды.
Аталған қадамды іске асыруда нақты шаралар және жоолардың академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту жолдары қарастырылған. 2016 жылдан бастап, 28 жоода ректорларды таңдаушылық және бақылау кеңестері енгізілуде, сонымен қатар, қоғам алдындағы есеп берушілік. 2017 жылдан бастап, ИИДМБ кәсіпорындарына кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық жоодарына даму бағдарламасы негізінде дербестік беру жоспарлануда. 2021 жылдан бастап аталған тәжірибе қалған жоодарға жүргізілетін болады.
Мемлекеттік және ұлттық жоодарын жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық форма-100%мемлекеттің қатысуымен комерциялық емес акционерлік қоғамға айналдыру тұспалданып отыр. Сонымен қатар, жеке меншік жооларды комерциялық емес білім беру ұйымдарына айналдыру механизмдері жетілдірілетін болады. ЖОО-ның жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық формаға ауысуы бақылау кеңестерінің құрылуын, эндаумент-қор, қаржылық іс әрекеттерге аудит өткізу және жыл сайынға жария есеп беруді қарастыратын болады.
Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік органдарда келісілуде жатқан «Жоғары оқу орындарының басқарушылық және академиялық дербестігі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Концепциясы даярланды.
Жоғары оқу орындарының басқарушылық және академиялық дербестігін кеңейту жоолардың интернационализацияның кеңеюі арқылы бәсекеге тұрақтылықты жоғарылатады деп күтілуде, білім беру бағдарламаларының дамуымен білім беру қызметінің экспорты, табыс көздерінің диверсификацилануына және т.б.. ЖОО-ның өзі көрсеткен қызметінің нәтижелілігіне деген әлеуметтік жауапкершілігі артады, кадрлар даярлау сапасына, рухани бай, кәсіби шебер, инетллектуалды креативті, инновациялы қабыл алғаыш болуы тиіс өскелең ұрпақтың заманауи көзқарасының қалыптасуына жауапкершілік артады. ЖООдары жаңа білімнің және инновацияның генерациялық сонымен қатар заманауи біліктілікті қалыптастыру орталықтарына айналады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады