• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтардың дамыған ел құруға деген ниеттері сүйсіндіреді - Дьердь Сабо

Қазақстандықтардың дамыған ел құруға деген ниеттері сүйсіндіреді - Дьердь Сабо

14 Қыркүйек, 2016 16:18
ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьердь Сабомен кездесті. Отырыстың басты тақырыбы Қазақстанның халықаралық ұйыммен ынтымақтастығына арналды.

ЕҚЫҰ халықаралық ұйымына  57 ел мүше. Қазақстан 2010 жылы ұйым қатарына қосылды. 6 жыл бұрын Астанада  ЕҚЫҰ соңғы саммиті өткен болатын.

«Бізде жастарды біріктіретін дәстүрлі бағдарлама бар – Орталықазиялық жастар жүйесі,  ол 11 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Біздіңше, бұл бағдарлама бойынша адамдар  дамытуды жүзеге асыратын ұяшық құрады. Қазақстан өңірлік ынтымақтастықты қолдайды, бұл өте маңызды, Елбасыларыңыз әрбір баяндамада бұл ел үшін аса маңызды екенін атап өтеді», - деді Дьердь Сабо.

Ол атап өткендей, қоғамда әйелдерді қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде, кәсіпкерлікті қолдау мен   жасыл экономиканы қолдау да жүзеге асырылды, бұл салада әйелдердің қызмет етуі өте маңызды.

«Мен жарты жыл осында  жұмыс істеймін, сіздерде әйелдер қауымы өте белсенді», - деді ол.

«Айта кететіні, біз  секілді дипломаттарды бұл орындарға ешкім тағайындамайды, өзіміздің қалауымыз бойынша байқауға құжат тапсырамыз. Мен неге Қазақстанды таңдадым? Мен өңірлерде болдым, әрқашан сіздердің жұмысқа деген құлшыныстарыңыз, жетістікке жету ұмтылыстарыңыз сүйсіндіретін.  Жаңа Астана – барлық құлшыныстың нышаны.  Біз Президенттің «Әлем. XXI  ғасыр» манифесті аясында қандай бағыттар бойынша жұмыс істеуге болатынына да көңіл бөлеміз», - деді ол.

Өз кезегінде, Г.Әбдіқалықова  ЕҚЫҰ – 25 жыл бұрын елдің тәуелсіздігін қолдаған алғашқы ұйымдардың бірі екенін атап өтті.

Сонымен бірге, Г.Әбдіқалықова мәртебелі мейманды Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарының орындалу барысы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өтетін іс-шаралар туралы хабардар етті. Ол тәуелсіздік жылдарында экономиканың нығайып, халықтың әл-ауқаты артқанын, Қазақстан қоғамы жалпыұлттық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың үлгісі ретінде қарастырылып отырғанын, ал еліміз жауапты әрі құрметті халықаралық серіктес ретінде танылғанын атап айтты.

Барлық жаңалықтар