• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда «жасыл өсімді» дамыту бойынша ҚОСРМ мен БҰҰ ДБ-ның біріккен жобасы аяқталды

Қазақстанда «жасыл өсімді» дамыту бойынша ҚОСРМ мен БҰҰ ДБ-ның біріккен жобасы аяқталды

3 Желтоқсан, 2013 12:53
Бүгін Астанада ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен БҰҰ ДБ-ның біріккен «Жасыл өсімді» дамытуға арналған «Жасыл өсімді» құруда Қазақстан Республикасының өңіраралық әріптестікті нығайтуы мен Астана Бастамасының іске асырылуы» атты біріккен жобаның сәтті аяқталуына орайластырылған «Қазақстанда «жасыл» экономиканы құру» атты конференцияның қорытындысы өтті.

Аз ғана уақыттың ішінде аталмыш жоба өңірлік әріптестікке орасан зор пайдасын тигізді. Атап айтар болсақ, жасыл дамудағы ұлттық тұжырымдама құруға септігін тигізді. Сонымен қатар, шағын елді-мекендердегі қанатқақты жобаларға бастама болды.

«БҰҰ даму бағдарламасы үшін аталмыш құжаттың тек қана Үкімет тарапынан дайындалмай, секторлық әдістің қолданылуы тұрғысынан өте маңызды. Өйткені үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар, институттар да бұл құжатқа қатысты сауалдарға жауап беруге араласқаны абзал», - деді БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Екатерина Паниклова.

Оның айтуынша, «жасыл» экономика – сапалы дамудың бірегей жолы.

«Бұл салалардың, өңірдің, жаңа өмір сапасының, жаңа экономикалық ойлау жүйесімен қоғамдағы жаңа технологиялық экономикалық тәртіпке өтудің жан-жақты жүйелі өту жолы болып табылады», - деді Е.Паниклова.

Е. Паниклованың мәліметінше, БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстанға, нақтырақ айтсақ Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіне «жасыл» экономикаға өту жолында барлық көмекті көрсетуге мүдделі болып отыр.

«Біз көптеген бағыттар бойынша жұмыс істеудеміз. Олар министрліктердің табиғи және тұрмыстық қалдықтарды тиімді түрде халықтың игілігіне қайта жаратылуына, ТКШ-да қуат үнемдеуге бағытталған жобалардың қолдау табуына мүмкіндік береді», - деп түйіндеді тұрақты өкілдің орынбасары.

Оның сөзіне қарасақ, Қоршаған орта  және су ресурстары министрлігі мен БҰҰ ДБ-ның біріккен жобасы өзге де салаларда жалғасын таппақ.

 

Барлық жаңалықтар